Бегалиев Бейгали (Кабий) 1902 жылы БҚО Жаңақала ауданының Таубұйрат ауылында дүниеге келген. Қазақ, малшы, Алашордамен ниеттес, Батыс Алашорда жетекшілерін қолдаушы. Тұтқындалғанға дейін БҚО Жаңақала ауданы №4, 6, 11 ауылдарда тұрған. 1931 жылы 27 наурызда Орал ОГПУ тарапынан тұтқындалған. 1932 жылы 25 ақпанда ОГПУ Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-8, 58-10-баптары бойынша сотталып, 3 жылға концлагерьге қамалған. 1989 жылы 3 тамызда БҚО облыстық сотының шешімімен істің қылмыстық құрамының жоқтығына орай ақталған. (БҚО ПД архиві).
Бегалиев Бейгали (Кабий)
- Аты-жөні: Бегалиев Бейгали (Кабий)
- Туған жері: БҚО Жаңақала ауданының Таубұйрат ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ