Бейсенов Изни (Ізімғали) 1897 жылы БҚО Тайпақ ауданының Сарбас елді мекенінде дүниеге келген. Мәскеудегі Тимирязев ауыл шаруашылығы академиясын 1935 жылы бітірген. Қазақ, жоғары білімді, Батыс Алашорда адьютанты, Батыс Алашорданың белсенді мүшесі Бақтығали Бейсеновтің інісі. Тұтқындалған кезде Оңтүстік Қазақстан облысының Мирзоян аудандық Райзо мекемесінде басшы (начальник) қызметін атқарған. Осы қызметте жүрген кезінде 1937 жылы 3 қыркүйекте Мирзоян аудандық НКВД тарапынан тұтқындалған. 1937 жылы 28 қарашада ОҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-4, 58-11-баптары бойынша 10 жылға сотталып, ЕТЛ-ға қамалған. 2001 жылы 12 қыркүйекте Жамбыл облыстық прокуратурасының шешімімен 1993 жылғы 14 сәуірдегі ҚР Заңына сәйкес ақталған. (БҚО ПДА, 6-қор, №1029 – Бисенов Баханың қылмыстық ісі және қайраткердің қызы Бисенова Роза Бақтығалиқызынан алынған деректер).
Бейсенов Изни (Ізімғали)
- Аты-жөні: Бейсенов Изни (Ізімғали)
- Туған жері: БҚО Тайпақ ауданының Сарбас елді мекені
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ