Бекенов Назар 1897 жылы БҚО Жылыой ауданының №33 ауылында дүниеге келген. Қазақ, бастауыш білімді, Алашорда офицерлерімен, Алашорда жетекшілермен тығыз байланыста болған, Алаш әскери жасағының құрамына кірген. Тұтқындалғанға дейін Түркімен КСР Үргеніш ауданы Тамауз округінің №6 ауылында тұрған. Кейін БҚО Қызыл Октябрь ауылына қоныс аударған. 1938 жылы 7 маусымда НКВД тарапынан тұтқындалған, 1938 жылы 20 қазанда Гурьев облысының УНКВД Ерекше Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-1а, 58-2, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1989 жылы 18 қазанда Гурьев облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоқтығына орай ақталған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Бекенов Назар
- Аты-жөні: Бекенов Назар
- Туған жері: БҚО Жылыой ауданының №33 ауылы
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ