Бекенов Халит (дүниеге келген – дүниеден озған жылы белгісіз). БҚО Гурьев округінің Еспол ауданында дүниеге келген. Қазақ, білімі орташа, діни сауатты, молда, Алашорда офицерлерімен, Алаш әскери жасағымен тығыз байланыста болған. Х. Бекеновтің әкесі де молда болған. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары оқытушылықпен айналысқан. Тұтқындалған кезде Еспол ауданындағы Тасқұдық мектебінің мұғалімі қызметін атқарған. 1937 жылы «оқу-ағарту саласын алашордашылар мен діншілдер, молдалардан тазарту» жұмыстары кезінде НКВД тарапынан тұтқынға алынып, сотталған (БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор, 1-тізбе, 225-іс).
Бекенов Халит
- Аты-жөні: Бекенов Халит
- Туған жері: БҚО Гурьев округінің Еспол ауданы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ