Бектұрғанов Қажығали (туған-өлген жылы белгісіз) Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. Қазақ, жоғары білімді. 1938 жылғы 29 қаңтардағы Орынтай Қазиевтің айыптау парағында айтылады. Оған 1937 жылы бұрынғы алашордашылар Ж. Утарбаев, С. Құрмановтармен бірге антисоветтік-ұлтшыл, контрреволюциялық топ құрды деген айып тағылған. 1938 жылы БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған. Тұтқындалған кезде Шыңғырлау аудандық атқару бөлімінде қызмет жасаған. Қылмыстық істе Қ. Бектұрғановтың Мәскеуде оқыған кезінде екі рет І. Құрамысовпен кездескенін, С. Меңдешевті танығанын, қолдайтындығын келтіреді. Істің 107-парағында жазылған: «При этих разговорах К. Бектурганов высказывал антисоветские националистические взгляды, говоря «Я когда учился в Москве, где видно, что люди живут так каковое лучше в культурном отношении, Советская власть и партия отдает только русским. Тогда как в Казахстане ничего этого нет. Казахский народ, как раньше, так и теперь в культурном отношении ничего не видел и никто на него не обращает внимание». 1938 жылы ақпанда тұтқындалғаннан кейінгі тағдыры белгісіз (БҚО ПД архиві, №983 істе).
Бектұрғанов Қажығали
- Аты-жөні: Бектұрғанов Қажығали
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ