Бекмурзин Қайназар 1893 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы №22 ауылда дүниеге келген. Білімі бастауыш, аудандық дүкеннің басшысы болып қызмет атқарған. Алаш партиясының мүшесі, 1937 жылы 4 қарашада Ақтөбе облыстық УНКВД шешімімен РСФСР ҚК 58-2, 58-8, 58-9, 58-11-тармақтарымен тұтқындалып, 10 жыл мерзімге еңбекпен түзету лагеріне қамалған. 1961 жылы 28 қазанда Ақтөбе облыстық сотының қаулысымен істің қылмыс құрамының жоқтығына орай ақталған (Ақтөбе облыстық ПД архиві).
Бекмурзин Қайназар
- Аты-жөні: Бекмурзин Қайназар
- Туған жері: Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы №22 ауыл
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ