Билялов Манап (Манат) Билялұлы 1907 жылы БҚО Жаңақала ауданының №16 ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, қызметі – Тулбаев ауыл советінің төрағасы. Батыс Алашорданы қолдаушы ниеттес және антисоветтік террористік ұлтшыл ұйымның мүшесі деген айыптар тағылып, 1938 жылы 19 сәуірде БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 1 желтоқсанда БҚО облыстық сотының шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-11-баптары бойынша 15 жылға бас бостандығынан айырылып, ЕТЛ-ға қамалған. 1989 жылы 4 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоқтығына орай ақталған (БҚО ПД архиві №п-2209 іс).
Билялов Манап (Манат) Билялұлы
- Аты-жөні: Билялов Манап (Манат) Билялұлы
- Туған жері: БҚО Жаңақала ауданының №16 ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ