Бисенғалиев Кенжеғали 1890 жылы Орал губерниясы Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш. Тұтқындалғанға дейін Шыңғырлау ауданының №16 ауылында Калинин колхозында меңгеруші қызметін атқарған. Батыс Алашорда әскери жасағының құрамында болған, Алашордамен ниеттес, антисоветтік үгіт-насихат жүргізді деген айып тағылған. 1932 жылы 15 қазанда БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1933 жылы 13 шілдеде БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-10, 58-11-баптары бойынша сотталып, 8 жылға концлагерьге қамалған. 1989 жылы 28 маусымда Орал облыстық прокуратурасының шешімімен 1989 жылғы 16 қаңтардағы КСРО ПВС Қаулысына сәйкес ақталған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Бисенғалиев Кенжеғали
- Аты-жөні: Бисенғалиев Кенжеғали
- Туған жері: Орал губерниясы Шыңғырлау ауданы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ