Бисенғалиев Нұрғали 1884 жылы БҚО Жаңақала ауданының Толыбай ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш. Тұтқындалғанға дейін Жаңақала ауданының Толыбай ауылында басқарма төрағасы қызметін атқарған. Батыс Алашорда әскери жасағының құрамында болған, Алашордамен ниеттес, антисоветтік үгіт-насихат жүргізді деген айып тағылған. 1937 жылы 30 желтоқсанда БҚО УГБ НКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 15 ақпанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген, үкім орындалған. 1966 жылы 22 желтоқсанда Орал облыстық сотының шешімімен істе қылмыстық құрамның жоқтығына байланысты ақталған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары; БҚО ПДА №П-2209 іс).
Бисенғалиев Нұрғали
- Аты-жөні: Бисенғалиев Нұрғали
- Туған жері: БҚО Жаңақала ауданының Толыбай ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ