Бисенов Жұмағазы1911 жылы Орал губерниясы Жымпиты ауданының Жасқайрат ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, Батыс Алашорданың мүшесі, Жасқайрат колхозында басқарушы (управляющий) қызметін атқарған. 1938 жылы 8 маусымда Жымпиты аудандық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 30 қыркүйекте БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр жаза – ату жазасына кесілген, үкім орындалған. 1965 жылы 18 қарашада БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыстық құрамның жоқтығына орай ақталған. (БҚО ПД архиві).
Бисенов Жұмағазы
- Аты-жөні: Бисенов Жұмағазы
- Туған жері: Орал губерниясы Жымпиты ауданының Жасқайрат ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ