Беркалиев Уразгалий 1895 жылы БҚО Ілбішін ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, бай әулеттен, Алашорданың мүшесі. БҚО бақылаушы қызметін атқарған. 1937 жылы 23 қарашада БҚО Ілбішін аудандық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 15 ақпанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2-бабы бойынша сотталған. 1937 жылы мал-мүлкі тәркіленген, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1989 жылы 10 маусымда БҚО прокуратурасының шешімімен 1989 жылы 16 қаңтарда КСРО ПВС Қаулысына сәйкес ақталған (БҚО ПДА, №9302 іс).
Беркалиев Уразгалий
- Аты-жөні: Беркалиев Уразгалий
- Туған жері: ҚО Ілбішін ауданы Еңбек ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ