Борамбаев Өтеп (Өтей) 1897 жылы Орал губерниясы Шыңғырлау ауданының Сталин ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, молда. Алашорда мүшесі, Алаш әскери жасағының взвод командирі қызметін атқарған. Контрреволюциялық Алашорда ұйымының белсенді мүшесі деген айыппен 1937 жылы 19 желтоқсанда Шыңғырлау аудандық НКВД тарапынан тұтқындалады. 1937 жылы 28 желтоқсанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1964 жылы 31 наурызда БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоқтығына орай ақталған. (БҚО ПД архиві №2330 іс, сонымен бірге БҚО ПД архивінің №П-983 істе аталады).
Борамбаев Өтеп (Өтей)
- Аты-жөні: Борамбаев Өтеп (Өтей)
- Туған жері: Орал губерниясы Шыңғырлау ауданы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ