Бөкейханов Махамбет 1890 (1891) жылы Орал округі Орда ауданының Шұңғай ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, музыкант, күйші-импровизатор. Өнер қызметкерлері Одағының мүшесі. Алашордамен ниеттес, қолдаушы. 1928 жылы 24 қыркүйекте Орда РО ОГПУ тарапынан тұтқындалған. 1929 жылы 18 қаңтарда Орал ОГПУ Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-10-бабы бойынша 3 жылға жер аударылған. 1937 жылы 20 қарашада екінші рет НКВД УГБ 3-бөлімі тарапынан тұтқындалады. Тұтқындалған кездегі тұрғылықты жері: Алматы қаласы. 1937 жылы 1 желтоқсанда Алматы облыстық НКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-11-бабы бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесіледі. 1957 жылы 10 қазанда КСРО Жоғарғы Сотының қылмыстық істер бойынша сот коллегиясы ақтаған, екінші рет 1999 жылы 19 сәуірде БҚО Прокуратурасы ақтаған. (Қылмыстық ісі Алматы қалалық ПД архивінде сақталған, деректер БҚО ПД архивінен алынған, Ю. Чангереев ісінде).
Бөкейханов Махамбет
- Аты-жөні: Бөкейханов Махамбет
- Туған жері: Орал округі Орда ауданының Шұңғай ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ