Бтыков Ғаббас 1897 жылы Орал облысы Жәнібек ауданының Күйгенкөл елді мекенінде дүниеге келген. Қазақ, малшы-бақташы. Батыс Алашорда әскери жасағында қызмет атқарған. 1929-1930 жылдары Кеңес үкіметіне қарсы көтерілістерге қатысып, жазалаудан қашып, Ресейдің Саратов облысы жағына көшіп кеткен болуы мүмкін. 1937 жылы 18 қарашада Саратов облыстық НКВД тарапынан тұтқындалған. 1937 жылы 21 қарашада Саратов облысының УНКВД Үштігінің шешімімен «Антисоветтік үгіт-насихат жүргізгені үшін» сотталып, 10 жылға ЕТЛ-ға қамалған. 1958 жылы 16 маусымда Саратов облыстық Сот Президиумының қаулысымен ақталған. (КСРО-дағы саяси террор құрбандарының мәліметтер базасы, РФ Саратов облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың естелік кітабында да берілген.).
Бтыков Ғаббас
- Аты-жөні: Бтыков Ғаббас
- Туған жері: Орал облысы Жәнібек ауданының Күйгенкөл елді мекені
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ