Манкеев Ғабдолла (Абдулла) 1886 жылы БҚО Тайпақ ауданының №4 ауылында дүниеге келген. Батыс Алашорданың белсенді мүшесі, Батыс Алашорда үкіметі кезінде Жымпитыдағы уездік земство сотының мүшесі қызметін жасаған. Тұтқындалған кезде Шыңғырлау орта мектебінде мұғалім қызметін атқарған. 1937 жылғы 15 қыркүйектегі Ищанов Хабибулланы жауаптау парағында ол бұрын сотталып, кейін еліне оралғанын айтқан (БҚО ПДА 6-п.). Бұған дейін 1931 жылы РСФСР ҚК 58-10-бабы бойынша антисоветтік көзқарасы үшін тұтқындалған. (БҚО ПДА, 6-қор, №П-563іс).
Манкеев Ғабдолла (Абдулла)
- Аты-жөні: Манкеев Ғабдолла (Абдулла)
- Туған жері: БҚО Тайпақ ауданының №4 ауылында дүниеге келген
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ