Мәулімбердіұлы Қажығали 1869 жылы Орал облысы Тайпақ ауданында дүниеге келген (қазіргі БҚО Ақжайық ауданының Базартөбе ауылының аумағы). Қазақ, білімі орташа, Орал облыстық қазақтарының съезі Мұсылман съезіне делегат болып сайланған. Әкесі Мәулімберді – атақты ғалым, шейх, өз заманының өте білімді адамы болған. Мәулімберді медресесі ХІХ ғасырда үлкен білім-ғылым ордасы, қазіргі ұғыммен алғанда, университет деңгейіндегі оқу орны ретінде халық жадында сақталған. Заманында осы жерде жылына бірнеше жүз шәкірт оқып, оларға жан-жақтан – Қырымнан, Уфа мен Қазаннан келген және жергілікті мударистер сабақ берген екен. Қажығали Мәулімбердіұлы 1905 жылы Орал және Торғай облыстарынан 22 адам, көбі ишан-хазірет, Петербургқа барып, қазақтың дін және жер мәселесін оңынан шешуді талап еткен қайраткерлердің бірі. Батыс Қазақстанда 1916 жылы Патша жарлығына қарсы шығып, қазақтан жігіт бермейміз деп, қарсылық қозғалысын ұйымдастырғандардың бірі. 1917 жылдың 19-22 сәуіріндегі Орал облысы қазақтарының сьезіне қатысқан делегаттар қатарында болған. Алашорданың билігі тұсында Ойыл уәлаяты уақытша үкіметінің құрамында қызмет жасаған. 1919 жылы 50 жасында дүниеден өткен (Қабжан Қ.Қ. Қуғындалған хазіреттер. – Орал, 2022. 14-29-бб.).
Мәулімбердіұлы Қажығали
- Аты-жөні: Мәулімбердіұлы Қажығали
- Туған жері: Орал облысы Тайпақ ауданында дүниеге келген
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ