Меңдіқұлов Ниязғали (Мендикулов Ниязгалий) 1895 жылы БҚО Тайпақ ауданы бұрынғы Қызылқоға ауданының №29 ауылында дүниеге келген. Алашорда юнкері, кейін Алашорда милициясының офицері болған. 1920 жылы Алашорда үкіметі таратылғаннан кейін 1933 жылға дейін ВКП (б) мүшесі болған, орта білімді, бұрын сотталмаған. Орал оқытушылар семинариясын аяқтаған. Оралда оқып жүрген жылдары 1919 жылы 1 қаңтарда Жымпитыға барып, Батыс Алашорда мүшелерімен танысады. 1919 жылы Орал қаласын қызылдар әскері қоршаған кезде басқа қазақ жастарымен бірге өз жерін қорғау үшін Батыс Алашорда әскерінің қатарына қосылады. Осы жылы наурызда өтініш жазып, юнкерлер мектебіне тіркеліп, оны 1919 жылдың қараша айына дейін оқып, сары аурумен ауырып қалуына байланысты өз ауылына қайта оралады. 1919 жылы көктемде Елек өзені жағынан қызылдар армиясы жиі шабуыл жасайды. Тұтқындаған кезде Гурьев округі Жило-Косинский ауданында аудандық қаржы бөлімінде бухгалтер қызметін атқарған. Айыптау: Д. Жәнібековпен бірге Гурьев округі Жило-Косинский ауданында контрреволюциялық ұлтшыл ұйым құрғаны, оған жастарды үгіттегені және контрреволюциялық троцкийшіл көзқарастары үшін 58-10-11 УК. 1937 жылы 19 тамызда атылған (БҚО ПД архиві, Хаттама №2, №9526 іс., Арх-1, Ф-1.).
Меңдіқұлов Ниязғали
- Аты-жөні: Меңдіқұлов Ниязғали
- Туған жері: БҚО Тайпақ ауданы бұрынғы Қызылқоға ауданының №29 ауылында дүниеге келген
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ