Мулдашев Магдум (Мағзұм) 1913 жылы БҚО Жаңақала ауданының №11 ауылында дүниеге келген. Қазақ, бастауыш білімді, қызметі – хатшы. 1938 жылы 7 қаңтарда БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған. Оған «Алашорданы қолдаушы, Батыс Алашорда жетекшілерімен ниеттес, антисоветтік, ұлтшыл ұйымның мүшесі болған» деген айып тағылған. 1938 жылы 25 қарашада БҚО облыстық соты РКФСР ҚК 58-10-бабы бойынша соттап, 7 жылға ЕТЛ-ға қамалған. 1993 жылы 4 мамырда Казақ КСР Прокуратурасының шешімімен 1990 жылғы 13 тамыздағы КСРО Президентінің Қаулысына сәйкес ақталған (БҚО ПДА Үштіктің хаттамалары).
Мулдашев Магдум
- Аты-жөні: Мулдашев Магдум
- Туған жері: БҚО Жаңақала ауданының №11 ауылында дүниеге келген
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ