Мулдашев Қабдуғали 1917 жылы БҚО Жаңақала ауданының №1 ауылында дүниеге келген. Зооветтехникум, 2-курс студенті, партияда жоқ, шаруа-кедей отбасынан шыққан. Әкесі Сарманбаев Молдаш, шешесі Ғазиза Лбішін ауданының «Тегіс-жол» колхозының мүшелері болған. 1937 жылы 17 желтоқсанда Оралдағы зооветтехникум коридорының қабырғасында 2 лозунг жазып қойғаны үшін, біріншісі: «Долой СССР» және екіншісі: «Долой Сталина», 1937 жылдың 22 желтоқсанында БҚО УНКВД тарапынан тұтқынға алынған. Техникумның қабырғасында КСРО-ны құлатуға және «Халық көсеміне қарсы (И.В. Сталин – А. Б.)» дискредитациялауға қарсы үндеулері үшін 1938 жылдың 25 сәуірінде Қазақ КСР Жоғарғы Соты оны 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. 1989 жылы 11 қыркүйектегі Орал облыстық прокуратурасы 1989 жылғы 16 қаңтардағы КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының қаулысына сәйкес істі қайта қарап, «мемлекет пен оның басшысына қарсы арандатушы үгіт-насихаты» үшін «ақтауға жатпайды» деген шешім шығарған. (БҚО ПД архиві, №1422 іс, К. Мулдашевтың қылмыстық ісі). Ақталмаған.
Мулдашев Қабдуғали
- Аты-жөні: Мулдашев Қабдуғали
- Туған жері: БҚО Жаңақала ауданының №1 ауылында дүниеге келген
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ