Мустафин Айтқали 1868 жылы Батыс Қазақстан облысы Талов ауданының Бостандық ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, алашорда мүшесі. Алашорданың діни өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болған, 1929 жылы Кеңес өкіметінің тәркілеу, ұжымдастыру саясатына бағынбай, қарсы күрескен топтармен бірлесіп, баскөтерулер ұйымдастырған. 1930 жылы 4 қарашада Орал ОГПУ тарапынан тұтқындалып, 1932 жылы 4 наурызда РКФСР ҚК 58-10-бабы бойынша сотталып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған. 1989 жылғы 16 қаңтардағы ПВС КСРО қаулысына сәйкес 1989 жылы 12 шілдеде ақталған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Мустафин Айтқали
- Аты-жөні: Мустафин Айтқали
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Талов ауданының Бостандық ауылында дүниеге келген
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ