Мустафин Аяп (дүниеге келген-дүниеден озған жылы белгісіз), Батыс Қазақстан облысы Таловка ауданының Беспішен ауылында туған. Қазақ, орта білімді, қызметі – мұғалім. Тұтқындалған кезде Оралдағы Батыс Қазақстан облыстық ағарту бөлімінде қызмет жасаған. Архив құжатында «А. Мустафиннің әкесі діншіл молда, кісі емдеген бақсы болған, ағасы – саудагер, өзі атақты байдың қызына үйленген. Ол бай, кәмпескеленген кезде оның бар байлығын пайдаланған» деп жазылған. 1937 жылы «ұлтшыл, алашордашыларды қолдаушы, бұрынғы бай-молданың ұлы, антисоветтік көзқарастары үшін» деген айыптармен тұтқындалып, сотталған. Кейінгі тағдыры белгісіз (БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор, 1-тізбе, 225-іс, 103-п.)
Мустафин Аяп
- Аты-жөні: Мустафин Аяп
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Таловка ауданының Беспішен ауылында туған
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ