Мұқанов Нұредин 1900 жылы Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Қараоба ауыл советінде дүниеге келген. Қазақ, бұрынғы байдың ұлы, ауқатты, орта білімді. Батыс Алашорданың ниеттес, қолдаушысы. Тұтқындалғанға дейін БҚО Шыңғырлау ауданы Бірлік колхозының орынбасары қызметін атқарған. 1938 жылы 5 ақпанда Шыңғырлау аудандық РО НКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 11 ақпанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-9, 58-11-баптары бойынша сотталған. 1958 жылы 21 тамызда БҚО облыстық соты Президиумының шешімімен істе қылмыстық құрамының болмауына байланысты ақталған (БҚО ПД архиві №983 іс.).
Мұқанов Нұредин
- Аты-жөні: Мұқанов Нұредин
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының Қараоба ауыл советінде дүниеге келген
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ