Мұхамбетов Абдрахман (Абдрахим) 1873 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Соналы ауылында дүниеге келген. Әкесі ишан болған, өзі танымал молда, Алашорданы қолдаушы. Орта діни білім бар. Партияда жоқ. 1929 жылдан бастап сайлау құқығынан айырылған, 1933 жылы әдейі мемлекеттік тапсырманы орындамағаны үшін ату жазасына кесілген. 1937 жылы 2 қарашада РСФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша айып тағылып, екінші рет тұтқындалған. 1937 жылы 5 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы УНКВД Үштігінің шешімімен, 58-2, 58-11-баптары бойынша ең ауыр үкім – ату жазасына кесіліп, үкім орындалған. 1965 жылы Батыс Қазақстан облысының облыстық соты істе қылмыс құрамының жоқтығына орай тоқтатып, ақтаған. (БҚО ПД архиві, П-2451 іс).
Мұхамбетов Абдрахман (Абдрахим)
- Аты-жөні: Мұхамбетов Абдрахман (Абдрахим)
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Соналы ауылында дүниеге келген
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ