Надыргулова Сабира Орал облысы Троцкий округі Үй ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, 29 жаста, бай-кулак отбасы. 1930-1931 жылдары ағаш кесу (лесозаготовка) жұмыстарына жарамды отбасы мүшелерінің жер аударылуына байланысты тізімге жатады. Күйеуі Л. Надыргуловпен бірге алашордашылармен сыбайлас болғаны үшін және бай-кулак санатында жер аударылған. (РФ Челябі облысының мемлекеттік және муниципалды архиві, №1 қор, 1-тізбе, №3 іс, 327-парақ. (База данных по документам государственного и муниципальных архивов Челябинской обл.). (БҚО ПД архиві).
Надыргулова Сабира
- Аты-жөні: Надыргулова Сабира
- Туған жері: Орал облысы Троцкий округі Үй ауданында дүниеге келген
- Жаза түрі: Жер аудару
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ