Ниталиев (Ниеталиев) (дүниеге келген-дүниеден озған жылы белгісіз) Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауылында туған. Қазақ, орта білімді, Алашорда әскери жасағының құрамында болған. Ағасы Ниталиев Ирғали 1937 жылы қыркүйекте Батыс Қазақстанның панисламдық көтерілісші шпиондық-диверсиялық ұйымының к-р қатыстылығы және ұйым басшылығы Қуанышқалиевтің тапсырмасы бойынша шпиондық мәліметтер жинағаны үшін айыпталған. Сотталып, ату жазасына кесілгеннен кейін інісі де мұғалімдік қызметтен босатылып, тұтқындалған. Тұтқындалған кезде Бұлдырты орта мектебінде директор қызметін жасаған. Архив құжатында әкесінің де бұрын қылмысы үшін істі болған адам екені жазылған. 1937 жылы қарашада Алашорда құрамында болғаны, әкесі мен ағасының сотталғаны және өзінің антисоветтік ұлтшыл көзқарасы үшін тұтқындалып, түрмеге қамалған. Бұдан әрі тағдыры белгісіз (БҚО ПДА №П-2538 іс, БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор, 1-тізбе, 225-іс, 96-п.).
Ниталиев (Ниеталиев)
- Аты-жөні: Ниталиев (Ниеталиев)
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауылында туған
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ