Ниязов Мірзахмет (Мірахмет, Ахмет) Жүсіпұлы 1891 жылы 16 сәуірде Орал облысы Казталов ауылында дүниеге келген. Алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі, Батыс Алашордамен ниеттес, қолдаушы. 1912 жылы Астрахань ерлер гимназиясын және 1916 жылы Саратов университетінің медицина факультетін аяқтаған. Оқуын аяқтағаннан кейін елге келіп, Ордада дәрігер болып қызмет атқарған. Осы жылдары Каспий өңірінде белең алған оба ауруын жоюға белсене атсалысқан. 1920-1923 жылдары Бөкей губерниясында денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 1929-1931 жылдары Алматыдағы венерология диспансерінің дәрігері, 1932-1943 жылдары Шымкент қорғасын зауытының медицина санатория бөлімінің бас дәрігері, Денсаулық сақтау халкомы жоспарлау бөлімінің бастығы, республикада оба ауруына қарсы күрес стансасының дәрігері қызметтерін атқарған. 1943 жылы 12 қазанда Алматы қаласында қайтыс болған (БҚО тарихи өлкетану музейінің қоры,№26629-В, №26622-В).
Ниязов Мірзахмет (Мірахмет, Ахмет) Жүсіпұлы
- Аты-жөні: Ниязов Мірзахмет (Мірахмет, Ахмет) Жүсіпұлы
- Туған жері: Орал облысы Казталов ауылында дүниеге келген
- Жаза түрі: Басқа
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ