Ноғаев Бекбусын 1913 жылы Гурьев облысы Теңіз ауданының Мыңтөбе ауыл советінде дүниеге келген. Бұрынғы бай, ақтар армиясының еріктісі (доброволец белой армии), контрреволюциялық троцкийшіл наразылықтардың құрамында болғаны үшін шығарылған. Азамат соғысы кезінде Алашорда құрамында болып, өзінің «ауылындағы коммунистерді ақ бандыларға ұстап бергені үшін», 1929 жылы жалған жолмен ВКП(б) құрамына кірген деп саналады. Айыптау: «Мирзоян» колхозында жұмыс жасап, колхоз мүлкін жымқырғаны, колхоз кеңсесін өртеп, өзінің қылмысын жасыруға тырысқан әрекеті, колхозшылар арасында контрреволюциялық-троцкийшілдік,антисоветтік үгіт-насихат жүргізгені, стахановшыларға қарсы әрекеті, колхозшының өміріне қауіп төндіргені және Азамат соғысы кезінде Кеңес өкіметіне қарсы күресте белсенді әрекеті» үшін айыпталған. УК РСФСР 58-10-бабы бойынша сотталып, 10 жылға ЕТЛ-ға қамалған, барлық мал-мүлкі тәркіленген. (Гурьев аймақтық НКВД бөлімшесі,№9576 іс. Хаттама №3, 2 қыркүйек 1937 ж.).(Осы істің ішінде онымен бірге сыбайластар деп айыпталғандар Абдулов Мұратқали–ЕТЛ-ға 10 жыл, Хайдаров Хамит –ату жазасы)
Ноғаев Бекбусын
- Аты-жөні: Ноғаев Бекбусын
- Туған жері: Гурьев облысы Теңіз ауданының Мыңтөбе ауыл советі
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ