Нұғыманов Мәпу 1909 жылы Батыс Қазақстан облысының Ілбішін ауданы №1 ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, Алашорда мүшесінің баласы. 1929-1930 жылдары Ілбішін ауданындағы көтерілістерге қатысып, алашордашылармен бірлесіп бүлік ұйымдастырғаны, банды тобында болғаны үшін айыпталған. 1931 жылы наурызда Орал ОГПУ тарапынан тұтқындалған. 1932 жылы 25 ақпанда ОГПУ Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-8, 58-10-баптары бойынша 3 жылға концлагерьге қамалған. 1989 жылы 27 маусымда БҚО прокуратурасының шешімімен 1989 жылғы 16 қаңтардағы ПВС КСРО қаулысына сәйкес ақталған (БҚО ПД архиві, №2455 іс).
Нұғыманов Мәпу
- Аты-жөні: Нұғыманов Мәпу
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысының Ілбішін ауданы №1 ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ