Нұғыманов Н. (дүниеге келген-дүниеден озған жылы белгісіз) – қазақ, орта білімді, Алашорда мүшесі, болыс басқарушысының баласы, бай. Алашорда таратылғаннан кейін білім беру мекемелеріне қызметке ауысқан. 1937 жылы аудандық білім бөлімінде қаржы инспекторы қызметінде жасаған. 1937 жылы «оқу-ағарту саласын алашордашылар мен діншілдер, молдалардан тазарту» жұмыстары кезінде НКВД тарапынан тұтқынға алынып, сотталған (БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор, 1-тізбе, 225-іс).
Нұғыманов Н.
- Аты-жөні: Нұғыманов Н.
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ