Букин Ыбыраш(Ибраш)Сарбөпеұлы Жымпиты ауданы Сарой ауыл советінде дүниеге келген. Батыс Алашорданың белсенді мүшесі, бұрын сотталмаған. 1922-1937 жылдар аралығында ВКПБ құрамында мүше болып, Жымпиты ауданында 7-8-сыныптардың математика пәнінің мұғалімі қызметін атқарған. БҚО мемлекеттік архивінің 786-қор, 1-тізбе, 225-істе 105-парақта сақталған «Жымпиты аудандық мектеп мұғалімдері туралы» деректе куәгерлер Ы. Букиннің Алашорда далалық сотының бас хатшысы қызметінде болғанын растаған (құжатта: генеральный секретарь полевого судьи Алашорды). Кейін 1937 жылы «Алашордашылармен сыбайлас» болғаны үшін жұмыстан шығарылған. 1937 жылы 17 қыркүйекте облыстық НКВД тұтқындаған. 58-2, 58-11-баптар бойынша айыпталған. Батыс Қазақстанда диверсиялық, контрреволюциялық наразылық ұйымдастырған және контрреволюциялық ұлтшыл үгіт-насихат жүргізгені үшін айыпталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген, мал-мүлкі тәркіленген. (УК РСФСР 58-2-11-бап). (БҚО НКВД басқармасы Үштігінің №7 хаттамасы, 30 қыркүйек 1937 ж. №2463 іс). (Сонымен бірге Жазықбаев (Джазыкбаев) Муслим, Бармакбаев Мухамбетқали, Баканов Сәндібек, Тулегенов Шамгон).
Букин Ыбыраш(Ибраш)Сарбөпеұлы
- Аты-жөні: Букин Ыбыраш(Ибраш)Сарбөпеұлы
- Туған жері: Жымпиты ауданы Сарой ауыл советі
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ