Бурамбаев Утей (Утеп) 1897 дүниеге келген, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Сталин ауыл советінде дүниеге келген. Қазақ, 1920 жылға дейін Алашорда мүшесі, 1925 жылдан 1935 жылға дейін БК(б)П мүшесі, 1935 жылы Алашорда әскерінің құрамында болғаны үшін партиядан шығарылған. Тұтқындалғанға дейін БҚО Шыңғырлау стансасында тұрған. Сенопункте қабылдаушы болып қызмет жасаған. 1937 жылы 19 желтоқсанда Шыңғырлау аудандық РО НКВД тарапынан тұтқындалған. 1937 жылы 28 желтоқсанда БҚО бойынша УНКВД үштігінің шешімімен У. Бурамбаевқа исламистік, ланкестік, шпиондық ұйымдар құрушы деген айыптар тағылып, РКФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім 1937 жылы 29 желтоқсанда орындалған. 1964 жылы 3 наурыздағы Орал облыстық соты Президиумының қаулысымен ақталған (БҚО ПДА, П-2396-іс, У. Бурамбаев ісі).
Бурамбаев Утей (Утеп)
- Аты-жөні: Бурамбаев Утей (Утеп)
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Сталин ауыл советі
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ