Валиев Мұстафа 1887 жылы БҚО Жымпиты ауданы Сасықкөл ауыл советінде дүниеге келген. Қазақ, білімі орта, Батыс Алашорда мүшесі, офицер, Ж. Досмұхамедовтің жеке оққағары (БҚО ПДА, №3037 іс). Тұрғылықты жері: БҚО Жымпиты ауданы Ақраб колхозы, қатардағы колхозшы. Әлеуметтік жағдайы: байдың баласы, алашордашы. Хан Досмухамедовтың оққағары, әскери қорғаушы («Телехранитель Хана Досмухамедова)» деп жазылған. 1938 жылы 8 шілдеде Жымпиты аудандық НКВД тарапынан тұтқындалған. 1938 жылы 3 қазанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1989 жылы 12 маусымда БҚО Прокуратурасының шешімімен 1989 жылғы 16 қаңтардағы КСРО ПВС Қаулысына сәйкес ақталған (БҚО ПД архиві, П-3037 іс, 5-бет және оның артқы беті).