Галиев Шаймардан 1903 жылы БҚО Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. Қазақ, орта білімді, бұрынғы байдың баласы, инструктор қызметін атқарған. Тұтқындалған кезде БҚО Орал қаласында тұрған. Ш. Галиевке Алашорда жетекшілерімен сыбайлас, кеңестерге қарсы антисоветтік, террористік ұлтшылдар көтерілісіне қатысты деген айып тағылған. 1935 жылы 19 сәуірде БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1935 жылы 5 қыркүйекте РКФСР Жоғарғы соты қазақ бөлімінің шешімімен РКФСР ҚК 58-10-бабы бойынша сотталып, 6 жылға бас бостандығынан айырылған. 1949 жылы Жоғарғы соттың шешімімен істе қылмыс құрамының жоқтығына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Галиев Шаймардан
- Аты-жөні: Галиев Шаймардан
- Туған жері: БҚО Шыңғырлау ауданы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ