Гумаров Абдулла 1896 жылы БҚО Жаңақала ауданының Таубұрат ауылында дүниеге келген. Қазақ, малшы. Батыс Алашорда әскери жасағының құрамында болған, Алашордашылармен ниеттес болғаны үшін антисоветтік үгіт-насихат жүргізіп, террористік, ұлтшыл ұйымның мүшесі болды деген айыппен 1931 жылы наурызда Орал ОГПУ тарапынан тұтқындалған. 1989 жылы 28 маусымда БҚО прокуратурасы шешімімен істе қылмыс құрамының жоқтығына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПДА, №П-2209 іс).
Гумаров Абдулла
- Аты-жөні: Гумаров Абдулла
- Туған жері: БҚО Жаңақала ауданының Таубұрат ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ