Ғатауов Фарит (дүниеге келген – озған жылы белгісіз). Қазақ, орта гуманитарлық білімі бар, молданың баласы, Алашорда мүшесі. Тұтқындалған кезде рабфактың кешкі курсында оқытушы қызметін атқарған. 1937 жылы «Оқу-ағарту саласын алашордашылар мен діншілдер, молдалардан тазарту» жұмыстары кезінде НКВД тарапынан тұтқынға алынып, сотталған (БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор, 1-тізбе, 225-іс, 111-п).
Ғатауов Фарит
- Аты-жөні: Ғатауов Фарит
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ