Ғайтаулин Мансұр 1903 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Казталов ауылында дүниеге келген. Қазақ, орта білімді, Алашорда милициясында қызмет атқарған. Тұтқындалған кезде Ақмола аудандық КП комитетінде қызмет жасаған. 1937 жылы 9 маусымда Қарағанды облыстық УНКВД тарапынан тұтқындалған. 1937 жылы 22 қарашада РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-10, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1957 жылы 31 шілдеде істе қылмыс құрамының жоқтығына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Ғайтаулин Мансұр
- Аты-жөні: Ғайтаулин Мансұр
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының Казталов ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ