Даваров Қасен (дүниеге келген, озған жылы белгісіз). Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Қазақ, орташа білімді, молда, 1917 жылға дейін арабша бала оқытқан, Алашорда мүшесі. 1926 жылы Орал қаласында бір жылдық мұғалімдер курсын аяқтап, мұғалім мамандығын алған. 1928-1929 жылдары Қаратөбе мектеп-интернатының меңгерушісі қызметінде жүріп, тәркілеу науқанына қарсы наразылық бүлік ұйымдастырып, сол үшін БК(б)П партия қатарынан шығарылған. 1930 жылы жаппай қоныс аударуды ұйымдастырып, өзі ортаңғы Еділ аймағына көшеді. Одан 1933 жылы кері Жымпитыға қайтып көшіп келіп, Көздіғара бастауыш мектебіне мұғалім қызметіне орналасады. 1937 жылы сәуірде НКВД тарапынан қыспаққа алынып, күзде тұтқындалып, ЕТЛ-ға қамалған. (БҚО мемлекеттік архиві, 786-қор, 1-тізбе, 225-іс, 105-107-пп.).
Даваров Қасен
- Аты-жөні: Даваров Қасен
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ