Нұрпейісов Хансеит 1899 жылы БҚО Шыңғырлау ауданы Қараоба ауылында дүниеге келген. Қазақ, Батыс Алашорда мүшесі, қызметі – колхозшы. 1936 жылы колхозда мал қырылғаны үшін 2 жылға сотталған. 1938 жылы 1 ақпанда БҚО Шыңғырлау УНКВД тарапынан тұтқындалған. Ол Шыңғырлау ауданында ұлтшыл, әскери, антисоветтік террористік бүлікші ұйымның мүшесі деп айыпталған. 1938 жылы 11 ақпанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім–ату жазасына кесіліп, өзіне тиесілі мал-мүлкі тәркіленген. 1938 жылы 13 ақпанда 23 сағат 25 минутта үкім орындалған. 1958 жылы 10 мамырда БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған (БҚО ПД архиві, №П 983 іс).
Нұрпейісов Хансеит
- Аты-жөні: Нұрпейісов Хансеит
- Туған жері: БҚО Шыңғырлау ауданы Қараоба ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ