Нурушев Абдолла 1903 жылы БҚО Жәнібек ауданы Тау ауылсоветінде дүниеге келген. Батыс Алашорданың әскери кадрлық офицері. Тұтқындалғанға дейін Жымпиты МТС-ында директордың орынбасары қызметін атқарған. Жеке қылмыстық ісі бойынша отбасында әйелі Нурушева Мәдина, 1905 ж.т., қызы Саруар, 1931 ж.т., екінші қызы Рауза және ұлы Нарзан 1936 ж.т. 1938 жылы 22 қазанда БҚО Жымпиты аудандық НКВД тарапынан тұтқындалған. 1939 жылы 24 сәуірде БҚО соты РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-11-баптары бойынша сотталып, 20 жылға бас бостандығынан айырып, бар мал-мүлкі тәркіленеді, Еңбекпен түзету лагеріне жіберіледі. 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР Заңына сәйкес ақталған (БҚО ПД архиві).
Нурушев Абдолла
- Аты-жөні: Нурушев Абдолла
- Туған жері: БҚО Жәнібек ауданы Тау ауылсоветі
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ