Омаров Абдулнасыр (Омаров Габдулнасыр Музафарович) 1889 жылы 15 қаңтарда Жымпиты ауданы Сарой ауыл советінде дүниеге келген. Тұрғалықты мекенжайы: Сұлукөл ауыл советі Қаратөбе ауданы БҚО. Жақсыбай мектебінің мұғалімі, 1920 жылдан бері кәсіподақ мүшесі. Бұрынғы Алашорда мүшесі (Алашорда мүшесі Салық Омаровтың інісі, істе солай көрсетілген), бұрын сотталмаған. 1922-1937 жылдар аралығында БК(б)П құрамында мүше болып, кейін одан «Алашордашылармен сыбайлас» болғаны үшін шығарылған. 1937 жылы 17 қыркүйекте облыстық НКВД тарапынан тұтқындаған. БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша сотталған. Айыптау: Батыс Қазақстанда диверсиялық, контрреволюциялық наразылық ұйымдастырған және контрреволюциялық ұлтшыл үгіт-насихат жүргізгені үшін айыпталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген, мал-мүлкі тәркіленген. 1957 жылы 31 қаңтарда істе қылмыс құрамының жоғына орай БҚО сотының Президиумы ақтаған. (УК РСФСР 58-2-11-бап). (БҚО НКВД басқармасы үштігінің №7 хаттамасы, 30 қыркүйек 1937 ж. №2463 іс). (осы істе онымен бірге Жазықбаев (Джазыкбаев) Муслим, Бармакбаев Мухамбетқали, Баканов Сәндібек, Тулегенов Шамгон).
Омаров Абдулнасыр
- Аты-жөні: Омаров Абдулнасыр
- Туған жері: Жымпиты ауданы Сарой ауыл советі
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ