Оспанов Мерғали 1891 жылы Орал облысы Ойыл болысы №4 ауылда дүниеге келген. Батыс Алашорда әскерінің құрамында болған, білімі орта техникалық. Тұтқындалғанға дейін Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Кумашкино ауылында тұрған. Аудандық атқару комитетінің орынбасары қызметін атқарған. 1937 жылы 3 қыркүйекте КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегиясының шешімімен тұтқындалған. РСФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-11-баптары бойынша 1938 жылы 11 наурызда ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1958 жылы 26 тамызда КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегиясы шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған (БҚО ПДА, Үштіктің хаттамалары).
Оспанов Мерғали
- Аты-жөні: Оспанов Мерғали
- Туған жері: Орал облысы Ойыл болысы №4 ауыл
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ