Өтеғалиев Жұмағали (Утегалиев Джумагали) 1896 жылы БҚО Тайпақ ауданында дүниеге келген, қазақ, молданың баласы, білімі бастауыш, мамандығы – мұғалім, бұрын сотталмаған. Батыс Алашорда мүшесі. Тұтқындалғанға дейін БҚО Қаратөбе ауданы Сабынкөл ауылында мұғалім қызметін атқарған. 1938 жылы 9 шілдеде тұтқындалған. 1938 жылы 28 қыркүйекте БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім–ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. Айыптау: «Батыс Қазақстанда контрреволюциялық панисламистік, шпиондық наразылық ұйымдастырған және Қаратөбе бойынша осы контрреволюциялық панисламистік ошақтың жетекшісі М.Жазықбаевтың тобында болғаны үшін» айыпталып, ең ауыр үкім –ату жазасына кесілген, мал-мүлкі тәркіленген. 1959 жылы 24 қаңтарда БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған. (УК РСФСР 58-2-11-бап).(БҚО НКВД басқармасы үштігінің №7 хаттамасы, 30 қыркүйек1937 ж. №2368 іс). (БҚО ПДА, 6-қор, №1107 іс. Ж.Утегалиевтің қылмыстық ісі).
Өтеғалиев Жұмағали
- Аты-жөні: Өтеғалиев Жұмағали
- Туған жері: БҚО Тайпақ ауданы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ