Рыспаев Нуролла 1902 жылы Қызылорда облысында Қызылорда ауданында дүниеге келген, қазақ. Аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметінде жүрген кезінде антисоветтік үгіт-насихат жүргізді деген айыппен 1938 жылы 5 наурызда БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалып, 1938 жылы 13 қарашада УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-8, 58-9, 58-11-баптары бойынша сотталған. УНКВД Үштігінің шешімімен ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1958 жылы 1 наурызда КСРО Жоғары кеңесінің шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған (БҚО ПД архиві, БҚО Қаратөбе аудандық архиві).
Рыспаев Нуролла
- Аты-жөні: Рыспаев Нуролла
- Туған жері: Қызылорда облысында Қызылорда ауданы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ