Рахметов Жанғазы 1882 жылы БҚО Фурманов ауданының Қарасу ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, қызметкер, үйленген, бұрын сотталмаған. Батыс Алашорданың әскери жасағы құрамында болған, алашордашылармен ниеттес. 1938 жылы 27 мамырда Орда аудандық РО НКВД тарапынан антисоветтік, ұлтшыл, террористік ұйымның мүшесі ретінде тұтқындалып, Жәнібектегі түрмеге қамалған. Тұтқындалған кезде Орда ауданындағы Орда ауылында агролесхоз директоры қызметін атқарған.
Тұтқын анкетасында әйелі Қарағыз 44 жаста, ұлы Жаслан 8 жаста, ұлы Жасталап 6 жаста екенін жазған. Мал-мүлкінен 1 сиыры, 1 бұқа, 1 жылқысы болған. 1938 жылы 31 қазанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім 1938 жылдың 31 қазанында сағат 23.00-де орындалған. 1962 жылы 19 мамырда БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына байланысты тоқтатылып, ақталған. БҚО ПДА сақталған Ж. Рахметовтің ісі бойынша Орда және Жаңақала аудандары бойынша 15 адамға айып тағылып, іс қозғалған. Іс бойынша тұтқындалғандардың бәрі сотталып, кейін ақталған. (БҚО ПДА, П-2209 іс, Рахметов Жанғазының қылмыстық ісі, 27.05.1938-13.08.1938).
Рахметов Жанғазы
- Аты-жөні: Рахметов Жанғазы
- Туған жері: БҚО Фурманов ауданының Қарасу ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ