Сағындықов Хален 1895 жылы БҚО Гурьев ауданының №3 ауылында дүниеге келген. Қазақ, мұғалім, Алашорданы қолдаушы. БҚ облыстық комитеті мектеп бөлімінің меңгерушісі (Манкеев Ғабдолла ісі бойынша) «Бұрынғы алашордашыларды қолдады, антисоветтік үгіт-насихат жүргізді» деген айыппен 1937 жылы 17 қазанда тұтқындалып, 1938 жылы 8 наурызға дейін түрмеде отырған. КСРО Жоғарғы Сотының шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім 1938 жылы желтоқсанда наурызда орындалған. 1958 жылы 12 сәуірде КСРО Жоғарғы Сотының қаулысымен ақталған (ҚРПА, 141-қор, 17а-тізбе, 98-іс – Список участников антипартийных группировок и Алаш-Орды (по Уральскому горкому ВКП,б).)
Сағындықов Хален
- Аты-жөні: Сағындықов Хален
- Туған жері: БҚО Гурьев ауданының №3 ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ