Сарбасов Абдулла 1887 жылы Ақтөбе облысында №23 ауылда дүниеге келген, қазақ. Білімі бастауыш, қызметі – ет дайындау агенті. Батыс Алашорда әскери жасағының құрамында болған. Тұтқындалғанға дейін Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы Бершұғұр ауылында қызмет жасаған. 1933 жылы 7 ақпанда Ақтөбе облыстық ОГПУ бөлімі тұтқындаған. 1934 жылы 13 наурызда ОГПУ коллегиясының шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-11-баптары бойынша сотталып, 5 жылға бас бостандығынан айырылып, ЕТЛ-ға қамалған. 1957 жылы 19 қыркүйекте Қазақ КСР Жоғарғы Сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоқтығына орай тоқтатылып, ақталған. (БҚО ПД архиві, Үштіктің хаттамалары).
Сарбасов Абдулла
- Аты-жөні: Сарбасов Абдулла
- Туған жері: Ақтөбе облысында №23 ауыл
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ