Сарғожиев (Сарығожин) Әмре 1901 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Сұлукөл ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімді, ауқатты, бай, әскери юнкерлік курс аяқтаған, Алашорда әскери жасағының офицері. Тұтқындалған кезде Жымпиты ауданының Жымпиты ауылында тұрған. Жымпиты аудандық жоспарлау бөлімінің экономисі қызметін атқарған. Өз қолымен толтырған тұтқын анкетасында отбасында әйелі Зия, ұлы Ғұмар, інісі Әнуар бар деп көрсеткен. 1937 жылы 1 қарашада БҚО УНКВД тарапынан тұтқындалып, 1937 жылы 1 желтоқсанда УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-10-бабы бойынша сотталып, 10 жылға ЕТЛ-ға қамалған. 1970 жылы 28 қаңтарда Орал облыстық соты Президиумының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай ақталған (БҚО ПД архиві, А. Саргужиев ісі, 2520-қор).
Сарғожиев (Сарығожин) Әмре
- Аты-жөні: Сарғожиев (Сарығожин) Әмре
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Сұлукөл ауылы
- Жаза түрі: Бас бостандағынан айыру
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ