Сарғожиев (Сарығожин) Гиляж 1890 жылы Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданы Қособа ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш, юнкерлер мектебін аяқтаған, Алашорда әскерінің офицері. Алашорда таратылғаннан кейін әр түрлі қызметтерде жұмыс жасаған. Тұтқындалған кезде Жымпиты ауданында почташы болып жұмыс жасаған. 1938 жылы 6 маусымда Жымпиты аудандық УНКВД тарапынан тұтқындалып, 1938 жылы 21 қазанда УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-10-баптары бойынша ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. 1963 жылы 28 қазанда БҚО облыстық сотының шешімімен істе қылмыс құрамының жоғына орай іс тоқтатылып, ақталған (БҚО ПД архиві, А. Саргужиев ісі, 2520-қор).
Сарғожиев (Сарығожин) Гиляж
- Аты-жөні: Сарғожиев (Сарығожин) Гиляж
- Туған жері: Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауданы Қособа ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ