Сарығожин Сабыр (т.ж.б.-1925) – Алашорда әскери комиссары. Сабыр бала кезінде Оралдағы реалды әскери мектебіне түсіп, оны аса жақсы нәтижемен бітіріп, Мәскеудегі жоғары әскери мектепке жолдама алады. Осы арада айта кететін жайт: С. Сарығожиннің аталған оқу орындарына қай жылдары түскені, қашан бітіргені белгісіз. С. Сарығожин Мәскеудің жоғары X әскери мектебін үздік бітіреді. Бірақ бұл оған пайда бермейді. Оның алғырлығы мен тапқырлық талантына қызыққан патша жандармдары Сабырды елге қайтармай, өздері үшін қызмет істетудің қамын жасап, Мәскеуге алып қалады. Сонымен ол көп жыл Мәскеуде Ресей патшасы әскерінде қызмет етеді. С. Сарығожиннің елге қашан оралғаны да анық емес. 1918 жылы Жымпитыдағы Алашорда үкіметінің әскери комиссары болып тағайындалады. Ол жұмысты бір жыл атқарады. Сол кезде Алаш әскерінің кәсіби деңгейін көтеру үшін барын салып жұмыс істесе керек. Алашорда таратылып, қызыл үкімет орнай бастаған кезде бұрын ақ патша әскерінің құрамында жұмыс істеген, кейін Алашорданың әскери комиссары болған адамды қызыл үкіметтің аяусыз жазалайтынын сезсе керек, 1919 жылдың күзінде Қара теңіз арқылы шетел асып, Ұлыбританияға жетеді. Лондонда не істеді, қалай өмір сүрді, ол жағы бізге белгісіз. 1925 жылы қайтыс болғаны туралы ғана дерек бар (БҚО ПД архиві, №П-2520 іс. А. Саргужиннің қылмыстық ісі)
Сарығожин Сабыр
- Аты-жөні: Сарығожин Сабыр
- Жаза түрі: Басқа
- Алаш әскері: Иә
- Алаш басшылары: Жоқ