Сатаев Ишан 1898 жылы БҚО Орда ауданының Сүйіндік ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі бастауыш. 1934 жылы Орда ауданындағы Ленин колхозының ауыл советі, Калинин колхозының төрағасы болып қызмет атқарған. Батыс Алашорда мүшесі, Алашорда жетекшілерімен ниеттес және антисоветтік, террористік, ұлтшыл ұйымның мүшесі болды деген айып тағылып, 1938 жылы 3 ақпанда тұтқындалған. 1938 жылы 15 ақпанда БҚО УНКВД Үштігінің шешімімен РКФСР ҚК 58-2, 58-7, 58-8, 58-11-баптары бойынша сотталып, ең ауыр үкім – ату жазасына кесілген. Үкім орындалған. 1966 жылы 15 қарашада Орал облыстық соты қылмыс құрамының жоғына орай істі тоқтатып, ақтаған (БҚО ПД архиві, №П-2209).
Сатаев Ишан
- Аты-жөні: Сатаев Ишан
- Туған жері: БҚО Орда ауданының Сүйіндік ауылы
- Жаза түрі: Ату
- Алаш әскері: Жоқ
- Алаш басшылары: Жоқ